Гилян тауларындағы теңіздей толқыған бұлт
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i54784-Гилян_тауларындағы_теңіздей_толқыған_бұлт
Гилян тауларында бұлт теңіздей толқып, таңғажайып көрініс тудырады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Там 24, 2021 09:54 Asia/Almaty

Гилян тауларында бұлт теңіздей толқып, таңғажайып көрініс тудырады.

Иранның солтүстік бөлігінде орналасқан бұл аймақтың тың табиғаты мен бұлттан түзілген орманы көрген жанды таң қалдырады.

Телегей теңіздей толқыған бұлт – табиғи құбылыс. Мұнда бұлттардың деңгейі жердің деңгейінен төмен орналасады. Әсіресе теңіз деңгейінен биіктігі өте жоғары аймақтарда климаттық жағдайға, яғни ауаның ылғалдылығы, жауын-шашын мөлшерінің көптігі және таумен қоршалғанына байланысты бұлттардың сейілуіне жол берілмейді.