Раиси: Министрліктер Шанхай ұйымымен əріптесу əлеуеттерін анықтауы тиіс
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i55380-Раиси_Министрліктер_Шанхай_ұйымымен_əріптесу_əлеуеттерін_анықтауы_тиіс
Иран президенті: "Барлық министрліктер Шанхай ынтымақтастық ұйымымен əріптесу əлеуеттерін анықтап, ел экономикасын дамыту жолында пайдалануға міндетті",-деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қыр 20, 2021 11:04 Asia/Almaty
  • Раиси: Министрліктер Шанхай ұйымымен əріптесу əлеуеттерін анықтауы тиіс

Иран президенті: "Барлық министрліктер Шанхай ынтымақтастық ұйымымен əріптесу əлеуеттерін анықтап, ел экономикасын дамыту жолында пайдалануға міндетті",-деді.

Сейіт Ибраһим Раиси жексенбі күні үкімет жиналысында ИИР-дың Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше болғанына тоқталып: "Қазіргі таңда Иран СІМ ғана емес, бүкіл министрліктер пайда болған мүмкіндіктерді елдің экономикалық дамуы мен гүлденуі үшін барынша пайдалануға міндетті",-деді.

Раиси Чабаһар айлағын іске қосуды тездету қажеттігін айтып: "Чабаһар айлағы - Азия жəне əлем елдерімен байланыс қақпасы. Сондықтан оны дамытып, іске қосуды тездету өте маңызды",-деді.