Коронавирус: Ирандағы жағдай
Қаз 02, 2021 19:42 Asia/Almaty
Иранның Денсаулық сақтау министрлігі өткен тәулікте елде COVID-19 жұқтырған 217 адамның қайтыс болғанын, жалпы құрбандар санының 120880 адамға жеткенін хабарлады.
Осы кезге дейін Иранда коронавирусқа қарсы вакцинаның 40063570 бірінші дозасы егілді және 16532554 адам екінші дозасын алды. Жалпы осы күнге дейін Иранда 56596124 вакцина дозасы салынды.
Нақты диагностикалық көрсеткіштерге сәйкес кешеден бүгінге дейін тағы 10135 адамнан COVID-19 анықталды. Олардың ішінен 1673 адам ауруханаларға жатқызылды. Жалпы індетке шалдыққандар саны 5611700 адамға жетті. Осы уақытқа дейін 5075482 науқас емделіп, ауруханадан шықты.