Горганда дарынды қазақ жастары марапатталды
Қаз 31, 2021 20:37 Asia/Almaty
Горганда дарынды қазақ жастарын марапаттау рәсімі өтті.
Кеше Иранның солтүстігіндегі Горганда «Һамйаран» ирандық қазақтар тобының ұйымдастыруымен «Тизһушан» (Зерек балалар) мектептерін бітіріп, ЖОО-ға түсуге арналған жалпыұлттық конкурсқа қатысып, жоғары орын алған 19 қазақ баласын құттықтау рәсімі өтті.
Дарынды қазақ баласы Ерфан Көрпе аталмыш конкурста 3-орын алды.
Рәсімге Қазақстан республикасының Горгандағы бас консулы, Горган қаласының мәслихат депутаты, жергілікті лауазымды тұлғалар мен қазақ қауымы қатысты.
Тегтер