Пастер институты – денсаулық саласында қызмет ететін зерттеу орталығы
(last modified Fri, 19 Nov 2021 11:33:36 GMT )
Қар 19, 2021 17:33 Asia/Almaty

Иранның Пастер институты – 1851 жылы қоғамның денсаулығын қамтамасыз ету мақсатында құрылған зерттеу, білім беру және өндіру орталығы.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, 1919 жылы 23 қазанда Париждың Пастер институтында Иран мен Франция делегациялары тиісті келіссөз өткізді. 1920 жылы 20 қаңтарда екі елдің арасында ынтымақтастық келісімшартына қол қойылды. Сол кезден бері Иранда Пастер институты ресми түрде жұмыс істей бастады. Бұл жұмыс сан және сапа тұрғысынан дамытылып жатыр.   

Коронавирус тарала бастағаннан кейін Иранның Пастер институты Covid-19-ға қарсы вакцина жасау саласында зерттеулерін бастап кетті. 8 ай бұрын Куба елімен бірлесе отырып, вакцина өндіру желісін іске қосты.

Бұл өндіріс желісі айына 6 млн вакцина дозасын шығарады. Біртіндеп елдің ішкі қажеттілігінің бір бөлігін қамтамасыз ететін болады.

Тегтер