Тебризде Ялда түніне арналған ұлттық əдет-ғұрыптар көрмесі өтіп жатыр
(last modified Sun, 19 Dec 2021 11:31:21 GMT )
Жел 19, 2021 17:31 Asia/Almaty

2021 жылы 14-20 желтоқсан аралығында Тебриздегі халықаралық көрмелердің тұрақты орталығында Ялда түніне арналған ұлттық əдет-ғұрыптар көрмесі өтіп жатыр.

Көрмеде Ялда түніне арналған түрлі жеміс-жидектер мен жаңғақтар және жылдың ең ұзақ түнін білдіретін түрлі символдар сатылады.

2021 жылы 21 желтоқсанда шамси жыл санағы бойынша күз айының соңғы түні Иранда жылдың ұзақ түні, яғни "Ялда түні" деп аталған.

Ялда немесе Челле түнінде туған-туыс бас қосып, үйдің үлкендерімен бірге ең ұзақ түнді тойлайды.  

 

 

Тегтер