Парсы тілінен тілдік олимпиада болып өтті
https://parstoday.ir/kz/news/world-i83900-Парсы_тілінен_тілдік_олимпиада_болып_өтті
ParsToday - Кеше Алматыда Парсы тілінен олимпиада өтті.
(last modified 2026-04-23T18:41:20+00:00 )
Сәу 23, 2026 22:57 Asia/Almaty
  • Парсы тілінен тілдік олимпиада болып өтті

ParsToday - Кеше Алматыда Парсы тілінен олимпиада өтті.

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Шетел тілдерін кәсіби даярлау кафедрасы Алматы қаласындағы Иран Ислам Республикасы Бас консулдығының мәдени өкілдігімен бірлесіп, Ғылым декадасы шеңберінде 2026 жылғы 22 сәуірде жоғары оқу орындарында парсы тілін екінші шетел тілі ретінде меңгеріп жатқан білім алушылар арасында дәстүрлі тілдік олимпиаданы ұйымдастырып, өткізді. 

Олимпиадының ашылуына Ғылыми жұмыс және стратегиялық бастамалар жөніндегі проректоры А.Т. Кулсариева, Алматы қаласындағы Иран Ислам Республикасының Бас консулы С.Ахмади, университеттің халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы С.Т.Джакубаева, Иран мәдени орталығының директоры Х. Ағазаде, әл Фараби атындағы ҚазҰУ PhD Б.Ш.Батырхан, Иран мәдени орталығының қызметкерлері мен аудармашылары, университет оқытушылары мен олимпиадаға қатысушылар қатысты. Олимпиадаға парсы тілін екінші шетел тілі ретінде оқып жатқан Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистранттары өзара бақ сынап, білімдерін ортаға салды. 

Шараны Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Ғылыми жұмыс және стратегиялық бастамалар жөніндегі проректоры А.Т. Кулсариева барлық қатысушыларды парсы тілі бойынша тілдік олимпиаданың ашылуымен құттықтады, олимпиаданың тек білім сайысы ғана емес, сонымен қатар мәдениеттер арасындағы байланысты нығайтатын маңызды алаң екенін атап өтті. Сондай-ақ, парсы тілінің терең тарихы мен бай рухани мұрасы бар екенін айтып, оны меңгерудің ғылыми және мәдени тұрғыдан маңыздылығына тоқталды. Сөз соңында қатысушыларға сәттілік тіледі.

Содан кейін Иран Ислам Республикасының Бас консулы С.Ахмади, Алматыдағы Иран мәдени өкілдігінің басшысы Хоссейн Ағазадэ сөз сөйледі.

Олимпиаданың жабылуында Алматы қаласындағы Иран Ислам Республикасының Бас консулы С.Ахмади, Университеттің халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы С.Т.Джакубаева, Иран мәдени орталығының директоры Х. Ағазаде олимпиада қатысушыларына халықаралық деңгейдегі сертификаттарды табыстады, сондай-ақ жүлдегерлерді тиісті дәрежедегі дипломдармен марапаттады.

Алматыда Парсы тілінен олимпиада өтті.

 

В1 деңгейі бойынша өткен сайыста

1-орын: 

Базарбайқызы Аяжан, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 1 курс магистранты

 

2-орын: 

Бақытқызы Гульнур, Әл Фараби ат. ҚазҰУ-нің 1 курс магистранты

 

А1 деңгейі бойынша өткен сайыста

1-орын: 

Асилбек Аружан Кайратбекқызы, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 1 курс магистранты

2 –орын:

Мустафина Диана Сергеевна, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 1 курс магистранты

3-орын:

Смадил Гүлзат Нагишбайқызы, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 1 курс магистранты

 

Р.К.Садықова