Хатибзаде Иранның мүмкіндіктеріне қатысты Британияның араласу ұстанымына жауап қайтарды
ИИР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ұлыбритания СІМ-нің Иранның қорғаныс қабілетіне қатысты араласу ұстанымын қабылдамай: «ИИР халықаралық заңдар мен ережелер аясында және қорғаныс қажеттіліктеріне сәйкес әрекет етеді. Сондықтан мұндай ұстанымдар мен мәлімдемелер Иранның ішкі ісіне араласу болып саналады, сонымен бірге Лондонның екіжүзді саясатының жалғасуын көрсетеді»,- деді.
IRNA агенттігінің мәліметі бойынша, Саид Хатибзаде: «Ұлыбритания Батыс Азияға және әлемнің басқа да шиеленіскен аймақтарына ең жойқын қаруларды сату үшін аяқталмайтын бәсекелестікте және әлемнің дағдарысқа ұшыраған тағы бір аймағы болып, ядролық қаруды таратпау ережелерін ескермей, AUKUS сияқты әскери келісімдер жасап отырған жағдайда, Иранның әдеттегі әскери жаттығуларына алаңдаушылық білдіреді. Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің мыңдаған сағаттық тексерулері мен көптеген есептеріне сәйкес ИИР-ның ядролық бағдарламасы толығымен бейбітшіл болды. Иранның ядролық энергияны әскери мақсатта пайдалану және зымырандық бағдарламасын жасау жоспары жоқ.