Жел 29, 2021 18:42 Asia/Almaty
  • Иран сионистік режимнің Сирия территориясына жасаған шабуылдарына реакция білдірді

Иран Сыртқы істер министрлігінің ақпарат хатшысы Израиль режимінің Сирия жеріне қайта-қайта шабуыл жасауын, әсіресе Латакия портындағы азық-түлік және дәрі-дәрмек қоймаларын қайта нысанаға алуын айыптады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Саид Хатибзаде сәрсенбі күні: «Сионистік режимнің Сирияға шабуылы БҰҰ-ға мүше бір мемлекетке қарсы агрессия және оның егемендігін айқын бұзумен қатар, басқыншылық әрекет және Израиль басқыншы режимінің аймақтағы мақсаттарының айқын үлгісі болып табылады. Аймақтағы тұрақтылық, қауіпсіздік және тыныштықпен санаспайтын және өз қауіпсіздігін аймақтағы тұрақсыздықпен байланыстырған сионистік режимнің басшылары   жалған әрі негізсіз сылтаулармен Сирия жеріне қайта-қайта шабуыл жасап, барлық халықаралық заңдарды, ережелер мен нормаларды бұзып, оларды мазақ етті»,- деді.

 

Тегтер