Коронавирус: Ирандағы жағдай
Қаң 22, 2022 19:05 Asia/Almaty
Иран Денсаулық сақтау министрлігінің бүгін, сенбі күнгі мәліметінше, өткен тәулікте елде 30 адам COVID-19-дан көз жұмып, осы індет құрбандарының жалпы саны 132202 адамға жетті.
Нақты диагностикалық көрсеткіштерге сәйкес кешеден бүгінге дейін тағы 3305 адамнан COVID-19 анықталды және елде жалпы індетке шалдыққандар саны 6245346 адамға жетті. Иранда осы күнге дейін 6078024 науқас жазылып, ауруханалардан шықты.
Денсаулық сақтау министрлігі Иранда егілген вакциналардың жалпы санының 128 миллион 252 мың 824 дозаға жеткенін хабарлады.