Коронавирус: Ирандағы жағдай
Қаң 30, 2022 19:53 Asia/Almaty
Иранның Денсаулық сақтау министрлігі жексенбі күні соңғы 24 сағатта COVID-19-дан 44 адамның көз жұмғанын, жалпы індет құрбандары санының 132424 адамға жеткенін хабарлады.
Иранның Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, нақты диагностикалық көрсеткіштерге сәйкес кешеден бүгінге дейін тағы 21996 адамнан COVID-19 анықталды. Елде жалпы індетке шалдыққандар саны 6344179 адамға жетті. Осы күнге дейін елде 6102290 науқас жазылып, ауруханалардан шықты.
Иранда егілген вакциналардың жалпы саны 131617252 дозаға жетті.