Иран Президенті: Имам Хомейнидің халыққа көзқарасы формалды сипатта болған жоқ
ИИР Президенті: "Имам Хомейнидің халыққа көзқарасы формалды сипатта болған жоқ. Ол халықтың құдіреті мен белсендігіне сенді",-деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибраһим Раиси сәрсенбі күні Министрлер кабинетінің имам Хомейни (р.) мен Ислам революциясы шәһидтерінің арман-мақсаттарына адалдығын растау рәсімінде: "Иран Ислам республикасының негізін қалаушының өмір жолында халыққа көңіл бөлу, Құдайға тәуекел ету, халықты өзімен бірге ілестіру ғасырдың ұлы өзгерісін жасауға негіз болған принциптер болды",-деді.
Раиси: "Имам Хомейни (р.) халықтың құдіреті мен белсендігіне сенді, бірақ әлем саясаткерлері іс жүзінде халыққа көңіл бөлмейді",-деді.
Иран Президенті халыққа көңіл бөлудің әрдайым ортақ көріністерге ие болғанын айтып: "Сәттілік болған жердің бәрінде халық алаңда болды",-деді.
Ибраһим Раиси халықтың үнемі революция алаңдарында болғанын айтып: "Ислам революциясы жеңіске жеткеннен кейінгі Иранның барлық үкіметтері үшін халыққа көңіл бөлу – басты принцип",-деді.