Мохсени Ежеи: Иран Ислам революциясы басқа революциялардан бөлек
Иран Сот органының төрағасы Ислам революциясының басқа революциялардан бөлек екенін айтып: "Имам Хомейнидің (р.) революциядағы мақсаты, стимулы мен тәсілі халыққа сену болды",-деді.
Ислам революциясы жеңісінің 43 жылдығы қарсаңында Иран Жоғары сот төрағасы Ғұламхұсейн Мохсени Ежеи мен осы органның басқа да басшылары бүгін, сәрсенбі имам Хомейнидің (р.) кесенесінде Иран ислам революциясының ұлы сәулетшісінің қабіріне гүл шоғын қойып, құрмет білдіріп, Фатиха оқып, оның арман-мақсаттарына адалдығын тағы да растады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ғұламхұсейн Мохсени Ежеи осы рәсімде Фаджр онкүндігінің басталуымен құттықтап: "Фаджр онкүндігі мен Ислам революциясы имам Хомейнидің ықыласы мен талпынысының арқасында Исламнан шыққан нұрдай болды. Бұл Ислам үшін қайта жаңғыру болды",-деді.
Иран Сот органының төрағасы Фаджр онкүндігінің халықтың имам Хомейниге жақтасуының арқасында туындағанын айтып: "Имам Хомейни халыққа сеніп, Құдайға тәуекел ету арқылы теңдессіз революция мен айрықша өзгеріс жасады",-деді.