Аятолла Хатами: НАТО-ның арандатушы әрекеттері аймақта жағдайды ушықтырып жібереді
Теһран жұма намазының құтпагері: «АҚШ бастаған НАТО-ның арандатушы әрекеттері аймақта жағдайды күрделендіріп, ушықтырып жібереді»,-деді.
Аятолла Ахмад Хатами Теһран жұма намазының құтпаларында Украинадағы өзгерістер мен Ресейдің осы елде арнайы әскери операция жүргізіп жатқанына тоқталып: «ИИР барлық қақтығысушы тараптарды ұстамдылық танытып, келіссөз жүргізуге шақырады»,-деді.
Аятолла Хатами ИИР-ның Ресейдің Украинаға әскери шабуылдарында жазықсыз жандардың қаза тауып жатқанына алаңдаушылық білдіріп: «АҚШ бастаған НАТО-ның арандатушы әрекеттері аймақта жағдайды күрделендіріп, ушықтырып жібереді»,-деді.
Теһран жұма намазының құтпагері АҚШ-тың әлемнің түрлі аймақтарына араласқанына тоқталып: «Ресейдің Украинаға әскери шабуылдарында Еуропа елдері ұдайы соғыс дабылын қағып, отқа май құяды. Ал ИИР жүйесінің ұстанымы – қақтығысушы тараптарды ұстамдылыққа шақырып, бейбітшілік пен тыныштық орнату үшін келіссөз бастауға шақыру»,-деді.