Раиси: Украина халқы – АҚШ-тың сұрқия саясатының құрбаны
(last modified Mon, 07 Mar 2022 11:50:58 GMT )
Нау 07, 2022 17:50 Asia/Almaty
  • Раиси: Украина халқы – АҚШ-тың сұрқия саясатының құрбаны

Иран Президенті Украина халқын АҚШ-тың сұрқия саясатының құрбаны деп атап: "Иран соғысқа қарсы. Соғыс тез аяқталса, барлық халықтардың мүддесіне сай болмақ",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибраһим Раиси жексенбі күні Министрлер кабинетінің отырысында аймақ мәселелері мен Украина дағдарысына тоқталып: "Украина халқы да Ауғанстан, Йемен мен Ирактың халықтары сияқты АҚШ-тың сұрқия саясатының құрбаны",-деді.

Раиси: "Ислам революциясының жетекшісі мәлімдегендей ИИР соғысқа қарсы. Соғыс қаншалықты тез аяқталса, барлық халықтардың мүддесіне соншалықты сай болмақ. Қатерлер, зарарлар мен қиындықтар азырақ болады",-деп еске салды.