Ислам революциясы жетекшісінің Еуропадағы студенттердің исламдық ассоциациялары одағының отырысына жолдауы
Ислам революциясының жетекшісі дос-дұшпанды ажыратып, дұрыс позиция таңдап, хақ жолындағыларға көмектесуге дайын болу қажеттігін айтты.
Ислам революциясы жетекшісі кеңсесінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, аятолла Хаменеи Еуропадағы студенттердің исламдық ассоциациялары одағының 56-шы отырысына жолдауында соңғы саяси және әскери өзгерістерге тоқталып, дос-дұшпанды ажыратып, дұрыс позиция таңдап, хақ жолындағыларға көмектесуге дайын болу қажеттігін айтты.
Ислам революциясы жетекшісінің жолдауында: "Құрметті студенттер, соңғы күндердегі саяси-әскери оқиғалар - әлем тарихының алдын ала болжанған бұрылысының бір бөлігі",-делінген.
Аятолла Хаменеи өз жолдауында: "Біздің ұлы халқымыздың үздік те дарынды тұлғаларына айрықша жауапкершілік жүктелген",-деп баса айтты.Аятолла Хаменеи: "Сіздер, жастар, екі салада да жарқырай көріне аласыздар. Исламның атымен аталған ассоциацияларға артылған үмітті ақтаңыздар",-деді.