Ирандағы соңғы оқиғалар туралы Ислам революциясы жетекшісінің сөзінен үш маңызды тақырып
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i82596-Ирандағы_соңғы_оқиғалар_туралы_Ислам_революциясы_жетекшісінің_сөзінен_үш_маңызды_тақырып
ParsToday - Беғсат күні Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи әртүрлі халық топтарының мыңдаған өкілдерімен кездесуінде 12 қаңтар тарихи күні халықтың шеруге жаппай қатысуына ризашылығын білдіріп, былай деп баса айтты: «Иран халқы бүлікшіліктің белін сындырды, бірақ біз бұл бүліктің сипаты мен мақсаттарын және оның жаттығу көрген және алданған элементтерін жақсы тануымыз керек».
(last modified 2026-01-20T14:54:31+00:00 )
Қаң 20, 2026 19:23 Asia/Almaty
  • Ирандағы соңғы оқиғалар туралы Ислам революциясы жетекшісінің сөзінен үш маңызды тақырып

ParsToday - Беғсат күні Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи әртүрлі халық топтарының мыңдаған өкілдерімен кездесуінде 12 қаңтар тарихи күні халықтың шеруге жаппай қатысуына ризашылығын білдіріп, былай деп баса айтты: «Иран халқы бүлікшіліктің белін сындырды, бірақ біз бұл бүліктің сипаты мен мақсаттарын және оның жаттығу көрген және алданған элементтерін жақсы тануымыз керек».

Ислам революциясы жетекшісінің соңғы оқиғаларға қатысты жаңа ұстанымдары Американың тәртіпсіздіктердің қалыптасуындағы рөлін және халықтың оны тоқтатудағы рөлін тағы да көрсетеді. ParsToday  Ислам революциясы жетекшісінің Беғсат күні сөйлеген сөзіндегі үш тақырыпқа тоқылды:

 

Ислам революциясының жетекшісі: Жақында болған бүлік американдық бүлік болды

Ислам революциясының жетекшісі жақында болған бүлікшіліктің сипатын американдық деп атап, американдықтардың әртүрлі қастандық әрекеттеріндегі негізгі мақсатын түсіндіре отырып: «Американың – тек қазіргі президентінің ғана емес – мақсаты мен үздіксіз саясаты – Иранды жұтып, Иран еліне әскери, саяси және экономикалық үстемдігін қалпына келтіру; өйткені үлкен жері, халқы, нысандары, ғылыми-техникалық жетістіктері бар және осындай сезімтал географиялық орталыққа ие ел оларға төзімсіз»,- деді.

 

Аятолла Хаменеи: АҚШ президенті жақында болған бүліктің басты қылмыскері

Аятолла Хаменеи АҚШ президентінің бүлікшілер мен кісі өлтірушілерді Иран халқы деп атаған мәлімдемелерін ұлтқа тіл тигізу деп атап: «АҚШ президенті бүлікшілерді ашық түрде қолдады, АҚШ пен сионистік режим оларға көмек көрсетті; сондықтан біз АҚШ президентін құрбандар мен залалдар үшін де, Иран халқына тіл тигізгені үшін де қылмыскер деп санаймыз», - деді.

Аятолла Хаменеи

 

Имам Хаменеи: Иран халқы бүлікшіліктің белін сындырды

Ислам революциясының жетекшісі Иран халқының бүлікшіліктің белін сындырғанын баса айтып: «12 қаңтардағы миллиондаған халықтың бір ауыздан шеруге шығуы бұл күнді тарихи күнге айналдырды және шамасынан артық уәжденушілерге   соққы беріп, бүлікшілікті тоқтатты», - деді.

Ол сионистік баспасөз бен әлемдік ақпарат агенттіктеріндегі бүлікшілердің аз санын асыра көрсету және керісінше 12 қаңтардағы ирандықтардың көп санын азайтып көрсету олардың әдеттерінен деп біліп, былай деді: «Шындық бұл әрекеттермен өзгермейді. Шындық - халықтың Тегеранда және басқа қалаларда өз көзімен көргені».