Амир Абдоллахиан: Иран Украина дағдарысын шешуге бағытталған кез келген әрекетті қолдайды
(last modified Tue, 15 Mar 2022 11:51:53 GMT )
Нау 15, 2022 17:51 Asia/Almaty
  • Амир Абдоллахиан: Иран Украина дағдарысын шешуге бағытталған кез келген әрекетті қолдайды

Иран Сыртқы істер министрі украиналық әріптесімен телефон арқылы Украинадағы дағдарыс туралы сөйлесіп, дипломатиялық мүмкінідіктерді қорғау қажеттілігін, гуманитарлық көмек жөнелту және екіжақты мәселелерді талқылады.

 

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Хұсейн Амир-Абдоллахиан бұл телефон сұхбатында Ислам республикасының соғысқа қарсы тұру ұстанымы мен саяси шешім мен дипломатиялық диалогқа назар аудару қажеттігіне тоқталып, Украина мен Ресей сыртқы істер министрлерінің таяудағы   Түркияда кездесуін  маңызды атап, саяси жолды жалғастыру және нығайту маңыздылығын қуаттады.

Дмитрий Кулеба ИИР-ның соғысқа қарсы тұру ұстанымын және    Украина-Польша шекарасына елдің босқындарына көмектесу үшін гуманитарлық көмек жіберуін   жоғары бағалай отырып, Украина үкіметінің дипломатиялық мүмкіндіктерді қорғау үшін бар күш-жігерін салып жатқанын қуаттады. Ол сондай-ақ Иранның соғысқа қарсы тұру ұстанымына алғысын атйып, Иранды соғысты тоқтату үшін саяси қолдауға шақырды.