Хатибзаде: Иран халқының қақын қайтарып алу жолында өз ұстанымымыздан кері шегінбейміз
ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы Ұлыбританияның Иранға төлеген 390 млн-ға жуық фунт стерлингі негізгі және қосалқы қарызды құрайтынын айтып: "Иран өз халқының қақын қайтарып алу жолында ешқашан өз ұстанымынан кері шегінбейді",-деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Саид Хатибзаде Ұлыбританияның Иранға төлеген қарызы туралы сұраққа: "Лондон үкіметі 40 жылдан аса уақыт кешіктірсе де, ұзақ келіссөздердің нәтижесінде жуырда ИИР халқының қарызын төледі деп жариялағым келеді",-деп жауап берді.
Хатибзаде: "Өкінішке қарай, Ұлыбритания үкіметі осы уақыт аралығында қарызды қайтаруды саяси мәселелермен байланыстырып келді",-деді.
Хатибзаде: "Тағы да қайталап айтамын, Иранның көзқарасынша қарызды қайтару мен тұтқындарды босатудың арасында ешқандай байланыс жоқ",-деді.