Ирандағы адам құқықтары жөніндегі арнайы баяндамашының таңдаулы және саяси көзқарасы
(last modified Sat, 19 Mar 2022 13:59:15 GMT )
Нау 19, 2022 19:59 Asia/Almaty
  • Ирандағы адам құқықтары жөніндегі арнайы баяндамашының таңдаулы және саяси көзқарасы

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ирандағы адам құқықтарының жағдайы жөніндегі арнайы баяндамашыға реакция білдіріп: «Адам құқығына қатысты саяси және таңдамалы көзқарас оны нығайтуға көмектеспейді, керісінше адам құқықтарын бұзуға және әлсіретуге себеп болады»,- деді.

Ирандағы адам құқықтарының жағдайы жөніндегі арнайы баяндамашы Джавид Рахман өзінің соңғы біржақты баяндамасында Иранға қарсы жалған айып тақты. Бұл баяндамасында Рахман Иранның ішкі заңнамасына қарамастан, өлім жазасына, соның ішінде есірткі саудагерлерін өлім жазасына кесуге күмән келтіреді. Ол сондай-ақ Ирандағы қасас (есесін алу) заңына мән бермеді, бұл жазалау үкіметтің қолында емес. Отбасы мүшесін өлтіргенін кешіру немесе жазалауды талап ету адамның азаматтық құқығы.   Джавид Рахман мен кейбір елдердің өкілдері ИИР-на қарсы бұл айыптарды соңғы аптада Сауд Арабиясында 81 азаматының, оның ішінде 41 шиіттің жаппай өлім жазасына кесілгеніне қатысты ешбір халықаралық есеп жарияланбаған жағдайда айтуда. Тағы бір айта кетерлік жайт, Джавид Рахман 1398 жылы абан айында Иранда болған оқиғаға тоқталып, наразылық білдірушілерге қолданылған шараларды сынады. Бұл мәлімдеме осы оқиғаларда қауіпсіздік қылмысы болмаған барлық адамдар босатылған кезде жасалды. Негізінде кез келген үкімет заңсыз және нормаларды бұзатын әрекеттерге реакция білдіреді. Мысал ретінде коронавирус пандемиясы  басталғанға дейін бірнеше адам қаза тауып, жүздеген адам жарақат алуына себеп болған Францияның «сары жилет наразылақтары» деп аталатын наразылықтарға қолданған шараларын атап кетуге болады. Бірақ әзірге Франция үкіметінің адам құқықтарын бұзып жатқанын сынайтын есеп жарияланған жоқ. Джавид Рахманның Ирандағы әйелдер мен азсандырадың құқықтарының бұзылуы туралы мәлімдемелері де түбегейлі жалған. Иран қоғамындағы әйелдер азаматтық құқықтар тұрғысынан үнемі дамуда және ирандық әйелдердің осы саладағы жағдайы аймақтың басқа елдерімен салыстыруға келмейді. Ирандық азсандылар қоғамның көпшілігі сияқты азаматтық құқықтарға ие болып қана қоймай, жоғары лауазымдарды иелену мүмкіндігіне ие. Түркия мен Сауд Арабиясы сияқты аймақтағы кейбір елдерде азсандылардың құқығы жоқ немесе аз құқықтарға ие және жүйелі түрде адам құқықтарының бұзылуына ұшырайды.

 

Тегтер