Иран-Катар электр желісін қосу операциясы басталды
ИИР Энергетика министрі Иран мен Катардың электр желісін қосу операциясының басталғанын хабарлады.
Иранның Энергетика министрі Әлиакбар Мехрабиан: «Қазір Иранның электр желісі Ирак, Түркия, Армения, Әзірбайжан, Түрікменстан, Ауғанстан және Пәкістанмен байланысты және бізде электр қуатымен алмасу мүмкіндігі бар. Сонымен қатар біз Катармен бұл байланысты орнатуды жоспарладық. ИИР Президенті Ибраһим Раисидің Катарға жақында болған сапары барысында Иран-Катар электр желісін қосу туралы құжатқа қол қойылып, жақын арада зерттеу және жүзеге асыру операциясы басталады»,- деді. Мехрабиан Иранның электр желісінің Әзірбайжан арқылы Ресейге қосылуына да тоқталып: «Осыған байланысты кеңесшілер арқылы жақсы талаптар қойылды. Келесі жылы осы байланыстардың жүзеге асуымен Иранның электр желісі тұрақты болып, алмасулар максималды деңгейге жетеді деп үміттенеміз»,- деп мәлімдеді.