Иран сионистік режимнің ислам әлеміне енуіне тосқауыл қою қажеттігін қуаттады
(last modified Thu, 24 Mar 2022 12:30:49 GMT )
Нау 24, 2022 18:30 Asia/Almaty
  • Иран сионистік режимнің ислам әлеміне енуіне тосқауыл қою қажеттігін қуаттады

ИИР өкілі Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы (ИЫҰ) Сыртқы істер министрлерінің отырысында: «Ислам Ынтымақтастық Ұйымы сионистік режимнің ислам әлеміне енуіне тосқауыл қоюы керек»,- деді.

 

Иран өкілі Саид Хатибзаде сәрсенбі күні Исламабадта ИЫҰ-на мүше елдердің сыртқы істер министрлерінің қырық сегізінші отырысының екінші күнінде сөйлеген сөзінде: «Сионистік режим мен оның негізгі қолдаушысы АҚШ-тың исламдық елдермен қатынасын қалыпқа келу отаршылдық саясатын ілгерілетудегі алдамшы саясаттары ұйымның кейбір мүшелерінің қалауы мен құптауына ие болды. Бұл мәселе қатерлі»,- деді.

ИЫҰ 1969 жылы 57 ислам елінің мүшелігімен құрылды.  Мүше мемлекеттер арасында ислам ынтымақтастығын ілгерілету, мүше мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты қолдау, қасиетті жерлерді қорғау және азат ету бойынша күш-жігерді үйлестіру, Палестина халқының күресін қолдау және олардың құқықтарын қалпына келтіруге көмектесу және барлық ислам халықтарының абыройын, тәуелсіздігі мен ұлттық құқықтарын қорғау жолындағы күресін қолдау бұл ұйымның мақсаттарының бірі болып табылады. Осы мақсаттар мен арабтардың Палестина халқының армандарына қатысты міндеттемелеріне қарамастан, ИЫҰ-на мүше Біріккен Араб Әмірліктері, Бахрейн, Судан және Мағриб төрт елі 2020 жылдың қыркүйек айынан желтоқсанына дейін сионистік режиммен қарым-қатынастарын қалыпқа келтірді. 2020 жылдың қыркүйегінде БАӘ Дональд Трамп басқарған сол кездегі АҚШ үкіметінің арағайындығы арқылы «Ибрахим келісімі» деп аталатын Құдсты  басқыншы режиммен қарым-қатынасты қалыпқа келтіру туралы келісімге қол қойды және режиммен ресми түрде дипломатиялық қатынас орнатты. БАӘ-нен кейін Бахрейн, Судан және Марокко атты үш араб мемлекеті де «Ибрахим келісіміне» қосылып, сионистік режиммен қарым-қатынастарын қалыпқа келтірді. Исламдық ояну алдындағы оқиғаларға дейін араб әлемі мен сионистік режим арасындағы қарым-қатынастар ымыраға келу жоспарлары сияқты мәселелер төңірегінде болды. Өзін Араб мемлекеттерінің басшысы санайтын Сауд Арабиясы Палестина мәселесіне үнсіз қолдау көрсетуге тырысты. Алайда АҚШ-пен қарым-қатынасты кеңейтуге ұмтылған Сауд Арабиясының тақ мұрагері  Мұхаммад бен Салманмен  Құдсты басып алушы режиммен қарым-қатынасты қалыпқа келтіру мәселесі де көтерілді, содан кейін төрт араб елі Сауд Арабиясының саясатына сай бұл режиммен қарым-қатынастарын қалыпқа келтірді. Бен Салман 2018 жылдың 3 сәуірінде американдық Atlantic журналына берген сұхбатында: «Мен барлық адамдар, барлық жерде, өз елінде бейбіт өмір сүруге құқылы деп есептеймін. Мен палестиналықтардың және израильдіктердің өз жеріне иелік етуге құқығы бар деп санаймын»,- деді. Бұл пікір алғаш рет саудиялық жоғары мәртебелі қайраткер жарияланып, алдағы уақытта саудиялықтардың сионистік режиммен қарым-қатынастарын қалыпқа келтіру мүмкіндігін көтерді. Аймақтық мәселелер бойынша сарапшы Ахмад Зареан: «Сионистік режимді әлемнің көптеген елдері, соның ішінде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелері мойындағанымен,  аймақтық деңгейде аймақтағы көптеген елдердің бұл режимді және оның басып алынған аумақтардағы егемендігін ресми танымағаны оны заңдылық дағдарысына ұшыратты»,- деп айтты.

Кейбір араб елдерінің сионистік режиммен қарым-қатынастарын қалыпқа келтіруі исламдық елдердің жақындасуына кедергі келтіріп қана қоймай, мұсылман халықтарының бұл елдерге деген наразылығын арттыруына әкеліп, ауқымды саяси және қауіпсіздік салдары болуы мүмкін. Осыған сәйкес, кейбір араб елдері мен сионистік режим арасындағы қарым-қатынастарды қалыпқа келтіру аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылыққа қауіп төндіретін стратегиялық қателік болып табылады.

 

Тегтер