Амир Абдоллахиан: АҚШ шектен тыс талап етудің орнына шынайы көзқарасты ұстануы керек
(last modified Fri, 08 Apr 2022 12:07:55 GMT )
Сәу 08, 2022 18:07 Asia/Almaty
  • Амир Абдоллахиан: АҚШ шектен тыс талап етудің орнына   шынайы көзқарасты ұстануы керек

Иран Сыртқы істер министрі: «Иран жақсы, күшті және тұрақты келісімге қол жеткізуге бекінді. АҚШ шектен тыс талап етудің орнына шынайы көзқарасты ұстануы керек»,- деді.

 

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша,  Хұсейн Амир Абдоллахиан  бейсенбі күні Сербия Сыртқы істер министрі  Никола Слаковичпен  телефон арқылы сөйлесіп, Вена келіссөздері туралы: «Қытай, Ресей және Еуропаның үш мемлекеті келісімге келу жолында сындарлы ұстанымдарға ие»,- деп айтты. Амир Абдоллахиан НАТО-ның арандатушылықтары мен Украинадағы соғысқа қатысты да: «Соғыстың жалғасуы мен таралуына тосқауыл қою, дипломатиялық шешім мен диалогты дағдарысты шешудің шынайы шешімі болып табылады»,- деді.

Никола Сакович ИИР халқы мен үкіметін қасиетті Рамазан айы мен  Наурыз мерекесімен құттықтап, Вена келіссөздерінің тезірек қолайлы қорытындыға жетуіне үміт білдірді.