Коронавирус: Ирандағы жағдай
Сәу 08, 2022 19:42 Asia/Almaty
Иранның Денсаулық сақтау министрлігі бүгін, жұма күні: "Өткен 24 сағатта COVID-19-дан 36 адам көз жұмды. Жалпы індеттен көз жұмғандар саны 140528 адамға жетті",- деп жариялады.
Иранның Денсаулық сақтау министрлігі сондай-ақ: «Нақты диагностикалық көрсеткіштерге сәйкес тағы 3184 адамнан Covid-19 анықталды. Иранда жалпы бұл індетке шалдыққандар саны 7186992 адамға жетті. Осы уақытқа дейін 6909967 науқас індеттен жазылып, ауруханалардан шықты»,- деп мәлімдеді.
Иранда егілген вакциналардың жалпы саны 147 миллион 618 мың 887 дозаға жетті.