Аятолла Амоли Лариджани: Құдс күні – ислам әлемінің қарсыласу символы
Иран Жүйе мүддесін анықтау алқасының төрағасы Дүниежүзілік Құдс күнін ислам әлемінің қарсыласу символы деп атады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, аятолла Садық Амоли Лариджани осы алқаның сәрсенбі күнгі жиналысында Дүниежүзілік Құдс күніне тоқталып, Палестина мен Қасиетті Құдс мәселесін ислам әлемінің бірінші мәселесі деп атап: «Құдс күні – ислам әлемінің қарсыласу символы. Ислам әлемі басқа кезден көбірек осы күнді белгілеген имам Хомейнидің (р.) қырағылығы, хикметі мен терең көзқарасын түсінді»,-деді.
Аятолла Амоли Лариджани Палестина халқының қарсыласу күнін атап өтіп, оны тірі сақтау қажеттігін айтып: «Араб елдеріндегі кейбір ымырашыл басшылар басқа жолмен жүрсе де, олардың халықтары қырағылық танытып, күн сайын қарсылықтарын арттыруда. Бұл қырағылық пен қарсылық бүгінде ислам әлемінің түкпір-түкпірінде байқалады»,-деді.