Сәу 28, 2022 17:18 Asia/Almaty
  • Аятолла Жәннати: Палестина қарсыласуы әлем халықтарының сионистерге жиіркенішін арттырды

Иранның Конституциялық кеңесінің хатшысы Дүниежүзілік Құдс күні қарсаңында: «Палестина қарсыласуы әлем халықтарының басқыншы сионистерге жиіркенішін арттырды»,-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, аятолла Ахмад Жәннати: «Имам Хомейни (р.) Палестина мәселесі үнемі назарда ұстау үшін Рамазан айының соңғы жұмасын Құдс күні деп жариялады»,-деді.

Аятолла Жәннати тәкфирлік топтардың жуырда Ауғанстанның кейбір мектептерінде жасаған жарылыстарына өкініш білдірді.  

Ауғанстанның түрлі аудандарында соңғы күндерде көптеген лаңкестік шабуылдар мен жарылыстар болды. Бұл шабуылдарда жүзден аса адам қаза тапты немесе жараланды.

 

Тегтер