Амир Абдоллахиан: Иран Украинадағы және әлемнің кез келген жеріндегі соғысқа қарсы
(last modified Sun, 08 May 2022 15:33:28 GMT )
Maм 08, 2022 21:33 Asia/Almaty
  • Амир Абдоллахиан: Иран Украинадағы және әлемнің кез келген жеріндегі соғысқа қарсы

Иран Сыртқы істер министрі: «Украина мен Ресей арасындағы саяси келіссөздер бұл елде тез арада қақтығыстардың тоқтатылуына себеп болуы керек»,- деді.

 

Хұсейн Амир Абдоллахиан жексенбі күні Польша Сыртқы істер министрі Збигнев Раомен кездесуден кейін бірлескен баспасөз мәслихатында ИИР-ның Украинадағы және әлемнің кез келген жеріндегі соғысқа қарсы екенін мәлімдеді. Ол: «Иран Ирактағы, Ауғанстандағы, Йемендегі, Сириядағы және әлемнің кез келген жеріндегі соғысқа қарсы болғандай, Украинадағы дағдарыстың шешімі саяси болып табылады және саяси келіссөздер соғысты тез арада тоқтатуға әкелуі керек деп санайды»,- деді.  

Амир Абдуллахиан сондай-ақ  Украина Сыртқы істер министрімен үш рет телефон арқылы елдегі оқиғалар туралы сөйлескені және Ресей Сыртқы істер министрңмен екі рет сөйлесуінде Украина дипломатиялық қызметі басшысының атысты тоқтату талабы мен келіссөздерге дайын болуы туралы өтінішін ресейләк әріптесіне жеткізгенін айтты.