Раиси: Шәһид Сайяд Ходаидың қаны үшін қылмыскерлерден міндетті түрде кек аламыз
(last modified Mon, 23 May 2022 12:28:16 GMT )
Maм 23, 2022 18:28 Asia/Almaty
  • Раиси: Шәһид Сайяд Ходаидың қаны үшін қылмыскерлерден міндетті түрде кек аламыз

ИИР Президенті Сайяд Ходаидың қазасына байланысты оның жанұясы мен Сақшылар корпусына көңіл айтып: "Оның қаны үшін қылмыскерлерден міндетті түрде кек аламыз",-деді.

Қасиетті жерлерді қорғаған полковник Сайяд Ходаи жексенбі күні Теһранда әлемдік үстемшілдерге бағынышты әрі революцияға қарсы лаңкестердің нысанасына алынып, шәһид болды.

Раиси дүйсенбі күні Теһраннан Маскатқа барар алдында шәһид Сайяд Ходаиге жасалған террорға тоқталып: "Осы оқиғаны тексеру барысында бұл қылмыстың артында әлемдік үстемшілдердің тұрғаны дәлелденетіні анық",-деді.

Раиси: "Соғыс алаңында Қасиетті жерлерді қорғаушы күштерден жеңіліс тапқан адамдар осылайша өздерінің әлсіздігін көрсетті",-деді.

Иран Президенті, сондай-ақ, Оманға сапарына тоқталып: "Бұл сапар Оман сұлтаны Хисам бен Тарактың ресми шақыруымен жүзеге асырылады",-деді.

Раиси Иран мен Оман арасындағы қазіргі қарым-қатынас деңгейін қанағаттандырарлық емес деп бағалап: "Екі ел сауда, тасымал, энергетика мен туризм, әсіресе медициналық туризм салаларында өзара қатынасты жоғарылатуды қалайды",-деді.    

Тегтер