Маусым 09, 2022 18:58 Asia/Almaty
  • Коронавирус: Ирандағы жағдай

Иранның Денсаулық сақтау министрлігі: «Өткен тәулікте Иранда Covid-19-дан 1 адам қайтыс болды. Індеттен көз жұмғандардың жалпы саны 141343 адамға жетті",-деп хабарлады.

Иранның Денсаулық сақтау министрлігі бейсенбі күні: «Нақты диагностикалық көрсеткіштерге сәйкес өткен тәулікте 202 адамнан Covid-19 анықталды және олардың 35-і ауруханаларға жатқызылды.  Елде індетке шалдыққандардың жалпы саны 7233319 адамға жетті»,-деп мәлімдеді.

Иранда осы күнге дейін 7057938 адам індеттен жазылып, ауруханалардан шықты.

Тегтер