Түркия, Иордания, Мысыр, Ирак және Ливияда Газаны қолдау шерулер өтті
ParsТoday - Түркия, Иордания, Мысыр, Ирак және Ливиядағы адамдар Газа халқына қолдау білдіру және аймақтағы геноцидті айыптау үшін шерулер өткізді.
Түрік халқы ел астанасы Анкарада АҚШ елшілігіне қарсы жаппай шеру өткізді. Шеру Газамен ынтымақтасу мақсатында және «Израиль лаңкестік жасайды және әлем бақылайды» деген ұранмен өтті. Сондай-ақ Түркияның Стамбул қаласындағы Израиль консулдығы алдында да Израиль режимінің Газадағы қырғын соғысын айыптаған осындай шеру өтті.
Иорданияда қауіпсіздік күштері Мадаба лагерінде Газаны қолдап, Израильдің блокадасы мен агрессиясын айыптаған шерулерді басып тастады. Осыған орай, сионистердің басқыншылығын тоқтату және Газадағы қоршауды жоюды талап етіп, Мысырдың астанасы Каир, Ирактың астанасы Бағдад және Ливияның Мисрата қалаларында шерулер өтті.