Раиси: Теһран мен Каракастың дұшпанға қарсы стратегиясы – қарсылық
ИИР президенті Теһран мен Каракастың дұшпанға қарсы тұру стратегиясын қарсылық деп атады.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибрахим Раиси сенбі күні Теһранда Николас Мадуромен бірлескен баспасөз мәслихатында: «Иран әрқашан сыртқы саясат саласында тәуелсіз елдермен қарым-қатынас орнатуға ұмтылды, ал Венесуэла дұшпандар мен империализмнің санкцияларына тойтарыс беріп, үлгілі қарсылық көрсетті. Өткен 42 жылда Иранға қарсы санкциялар мен қоқан-лоққылар көп болды және Иран халқы санкцияларды елдің ілгерілеуі үшін мүмкіндікке айналдыруға шешім қабылдады. Ақ үй өкілінің мәлімдеуінше, Иранға максималды қысым жасау сәтсіз аяқталды және бұл Иранның - жеңіс және дұшпандардың - жеңілу нүктесі»,- деді.
Венесуэла президенті Николас Мадуро бұл баспасөз отырыста: «Иран мен Венесуэла арасындағы ынтымақтастық үшін энергетика, мұнай-газ, мұнай-химия және мұнай өңдеу зауыттары сияқты әртүрлі маңызды салалар бар»,- деді. Венесуэла президенті сонымен қатар 18 шілдеде Каракас-Теһран және керісінше тікелей рейс ашылатынын хабарлады.