Ислам революциясының жетекшісі: АҚШ-тың қысымдарына төтеп берудің жалғыз жолы – қарсыласу
(last modified Sun, 12 Jun 2022 12:13:38 GMT )
Маусым 12, 2022 18:13 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі: АҚШ-тың қысымдарына төтеп берудің жалғыз жолы – қарсыласу

Аятолла Хаменеи: "Иран мен Венесуэланың сәтті тәжірибесі көрсеткендей, АҚШ-тың қысымдарына төтеп берудің жалғыз жолы – қарсыласу",-деді.

Аятолла Хаменеи Венесуэла Президенті Николас Мадуро мен оның делегациясын қабылдап, екі елдің АҚШ-тың ауыр қысымдары мен түрлі соғысына төтеп бергенін айтып: "Екі елдің сәтті тәжірибесі көрсеткендей, осы қысымдарға төтеп берудің жалғыз жолы – табанды қарсыласу",-деді.

Ислам революциясының жетекшісі соңғы жылдардағы Иранның ғылыми-техникалық дамуы мен бастамаларына тоқталып: "АҚШ-тың өзі "барынша қысым" деп атап, Иран халқына бұрын-соңды болмаған ауыр қысымдар мен санкциялар салған жағдайда осындай үлкен қадамдар жасалды",-деді.

Аятолла Хаменеи: «Иран халқының қарсыласуы «барынша қысым» саясатының жеңіліске ұшырауына себеп болды. АҚШ-тың саяси басшыларының бірі осыдан біраз бұрын өз сөзінде «масқара жеңіліс» деген тіркесті қолданды»,-деді.

Аятолла Хаменеи Иран мен Венесуэла арасында 20 жылдық ынтымақтастық құжатына қол қойылғанына қолдау білдіріп: «Ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа қажетті шарт – келісімдерді орындап, соңына жеткізу»,-деді.

Ислам революциясының жетекшісі Иран мен Венесуэланың әріптестігіне тоқталып: «Екі ел басқа ешбір елмен осыншалықты жақын араласпайды. ИИР қауіп төнгенде өзін қатерге тігіп, досына қол ұшын созатынын көрсетті»,-деді.

Аятолла Хаменеи сондай-ақ Венесуэланың сионистерге қарсы ұстанымдарына алғыс айтып: «Осыдан біраз бұрын Николас Мадуроның сионистік режимге қарсы ұстанымдары өте дұрыс та батыл»,-деді.