Иран Қорғаныс министрі: «Зулдженах» жерсерік-тасығышы сынақтан өтті
Иран Қорғаныс министрлігінің әуе-ғарыш істері жөніндегі баспасөз хатшысы: «Зулдженах» жерсерік-тасығышы үшін үш зерттеу ұшырылуы жоспарланған. Осы уақытқа дейін бір зерттеу сынағы жүзеге асырылды. Тағы екеуі қалды»,-деді.
Иран Қорғаныс министрлігінің мамандары тарапынан жасалған «Зулдженах» жерсерік-тасығышы үш кезеңде аралас отын пайдаланады. Оның салмағы – 52 тонна, ұзындығы – 25,5 метр. Иранның алғашқы жергілікті жерсерік-тасығышының моторы бірінші кезеңде қатты отын пайдаланады.
Иран Қорғаныс министрлігінің әуе-ғарыш істері жөніндегі баспасөз хатшысы Хұсейни: «Зулдженах» жерсерік-тасығышы үш кезеңде аралас отын пайдаланады. Әрбір зерттеу ұшырылуда түрлі кезеңдегі жұмыс барысы зерттеліп, бағаланады. Жерсерік-тасығыштың технологиялық тұрғыдан дұрыс жұмыс жасайтыны дәлелденсе, «Зулдженах» 220 кг жүкті 500 км қашықтықтағы орбитаға шығара алатын болады»,-деді.