Раиси Каспий теңізінде бөгде мемлекеттердің болуы мен араласуына тыйым салуды қуаттады
(last modified Thu, 23 Jun 2022 11:16:19 GMT )
Маусым 23, 2022 17:16 Asia/Almaty

ИИР Президенті Каспий теңізі бассейніндегі көрші елдердің ынтымақтастығының маңыздылығын, аймақта кез келген бөгде әскери күштердің болуына тыйым салудың, әсіресе Иран жағалауындағы ерекше жағдайды қуаттады.

 

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Ибрахим Раиси Сергей Лавровпен кездесуінде Иран мен Ресей президенттері мен ресми тұлғалары арасындағы жалғасып жатқан кездесулер мен келіссөздерді екі елдің стратегиялық ынтымақтастықтарының жаңа дәуірін қалыптастырудағы байсалды ерік-жігерінің белгісі деп атады.

Раиси сондай-ақ Украина соғысын мүмкіндігінше тезірек тоқтатудың маңыздылығын және ИИР-ның осы мәселеде дипломатиялық жолмен шешуге көмектесуге дайын екеніне тоқталып: «Бұл қақтығыстарға АҚШ пен НАТО-ның арандатушылықтары себеп болғаны сөзсіз. Сондықтан әлемнің кез келген бөлігінде, соның ішінде Батыс Азияда, Кавказда және Орталық Азияда НАТО-ның ықпалын кеңейтуінің алдын алуға  күш салу керек»,- деді.

Сергей Лавров та бұл кездесуде Иранның Шанхай Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымына мүше болуының маңыздылығына тоқталып, Ресейдің Иранның аймақтық және халықаралық ұйымдардағы рөлін кеңейтуді қолдайтынын жариялды.

 

 

   

 

Тегтер