Иран Президенті: Каспий теңізі – жағалаудағы елдердің мұрасы және қоры
(last modified Wed, 29 Jun 2022 07:35:06 GMT )
Маусым 29, 2022 13:35 Asia/Almaty

ИИР Президенті Каспий теңізінің жағалаудағы елдердің мұрасы және қоры болып табылатынын және 270 миллионнан астам адамның осы теңізден игілігін көріп отырғанын мәлімдеді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ибрахим Раиси  Каспий жағалауы елдерінің алтыншы саммитіне қатысу үшін Түркіменстанға аттанар алдында сәрсенбі күні журналистерге берген сұхбатында: «Бұл сапар Түркіменстан Президентінің Каспий жағалауы елдері басшыларының саммитіне қатысуға шақыруымен жүзеге асып отыр. Иран Каспий жағалауы елдерімен жақсы қарым-қатынаста. Осы мақсатта Ашхабад саммитінде Каспий теңізінің құқықтық режимі тақырыбынан басқа Каспий жағалауындағы мемлекеттеріне ортақ теңіздегі қауіпсіздікті жақсарту, тасымалдау және транзит, сауда, теңіздің тірі ресурстарын басқару, қоршаған ортаны қорғау, Каспий теңізінде шетелдіктердің болуына жол бермеу сынды мәселелер талқыланады»,- деді.

 

Тегтер