Санкциялар бойынша келіссөздер - Раисидің Катар Әмірімен әңгімесінің өзегі
Иран Президенті Катар Әмірінің телефон қоңырауы кезінде ИИР-ның санкцияларды жою жөніндегі келіссөздердегі айқын ұстанымдарына тоқталды.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ибрахим Раиси бейсенбі күні Катар Әмірі шейх Тамим бен Хамад әл-Танидің телефон қоңырауы кезінде ИИР-ның ядролық бағдарламасының әрқашан ашық болғаны және ешқашан заңды жолдан ауытқымағаны туралы Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің (АҚХА) көптеген және ресми есептеріне сілтеме жасап: «Келіссөздер барысында Иранды айыптау мен бұл елге қарсы уәждердін қаталануы олардың келіссөздер үдерісін саяси нысанаға алғанын көрсетеді. Тұрақты келісім санкцияларды алып тастауды және негізсіз талаптардан сөзсіз бас тартуды талап етеді»,- деді. Катар Әмірі де осы телефон сұхбатында Иран Ислам Республикасына қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып: «Доха Теһранның өз құқықтарын жүзеге асыру және диалогты ілгерілету, әсіресе екіжақты қарым-қатынастар мен ынтымақтастықты нығайту жөніндегі ұстанымын қолдайды»,- деді.