Иранның Жол және қала құрылысы министрі: Иран Азия мен Еуропаны байланыстыратын дәліз
Шіл 12, 2022 16:14 Asia/Almaty
Иран Ислам Республикасының Жол және қала құрылысы министрі: «Иран халықаралық дәліздерімен Азия мен Еуропа арасындағы дәнекерге айналады»,- деді.
Рустам Қасеми: «Солтүстік-Оңтүстік дәлізіне байланысты Иран жүк транзиті үшін өте тартымды және Иранның теміржол желісі көрші елдерге қосылу арқылы Иранның екі жағында да жүк тасымалдауды қамтамасыз етті. Контейнер Үндістаннан «Шәһид-Раджаи» портында түсіріліп, ол жерден Әзірбайжан темір жолдарына және соңында Финляндияға 18 күн ішінде жеткізіледі, ал Қара теңіз және Қызыл теңіз арқылы тасымалдау шамамен 45 күннен екі айға дейін созылады. Иранның теміржол және автомобиль жолдары жүк транзитінде көптеген артықшылықтарға ие»,- деп мәлімдеді.
Тегтер