Иран әлемдегі ең үлкен 14-ші экономикаға айналды
(last modified Sun, 17 Jul 2022 10:17:39 GMT )
Шіл 17, 2022 16:17 Asia/Almaty
  • Иран әлемдегі ең үлкен 14-ші экономикаға айналды

Халықаралық валюта қоры өз есебінде Иранның 1,7 триллион долларлық экономикасын әлемдегі 14-ші ең үлкен экономика деп жариялады.

 

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Халықаралық валюта қоры өз есебінде Иранның ішкі жалпы өнімінің 1,7 триллион доллар екенін және оның Мексика, Түркия, Испания, Швеция және Сауд Арабиясы сияқты көптеген елдерден жоғары екенін мәлімдеді. Осы есеп бойынша 25,3 триллион доллар жалпы ішкі өнімімен АҚШ әлемдік экономиканың төрттен бір бөлігін құрайды, ал Қытай 19,9 триллион доллармен екінші орында. Бұл есепте Халықаралық валюта қоры әлемдік экономика 2022 жылдың соңында 104 триллион долларға жетеді деп болжады.

 

Тегтер