Ислам революциясының жетекшісі сотталғандардың бірқатарын кешіруге немесе жазасын жеңілдетуге келісті
Шіл 18, 2022 13:04 Asia/Almaty
Ислам революциясының жетекшісі Құрбан айт пен Ғадир Хом мейрамына орай сотталғандардың бірқатарын кешіру, жазасын жеңілдету немесе жазасын ауыстыру туралы ұсынысқа келісім берді.
Иран Сот органының төрағасы Ислам революциясының жетекшісіне аятолла Хаменеиге хат жолдап, сот органының Орталық кешірім комиссиясы тарапынан кешіру шарттарына сәйкес деп табылған 2272 адамды кешіру, жазасын жеңілдету немесе жазасын ауыстыру туралы ұсыныс жасады. Бұл ұсынысты Ислам революциясының жетекшісі мақұлдады.