Коронавирус: Ирандағы жағдай
Иранның Денсаулық сақтау министрлігі: «Өткен тәулікте Иранда Covid-19-дан 26 адам қайтыс болды. Індеттен көз жұмғандардың жалпы саны 141650 адамға жетті",- деп хабарлады.
Иранның Денсаулық сақтау министрлігі: «Нақты диагностикалық көрсеткіштерге сәйкес өткен тәулікте 6921 адамнан Covid-19 анықталды және олардың 726 ауруханаларға жатқызылды. Елде індетке шалдыққандардың жалпы саны 7319322 адамға жетті. Осы уақытқа дейін Иранда 7 миллион 72 мың 359 науқас емделді»,- деп мәлімдеді. COVID-19 жұқтырған 834 науқас ауруханалардың арнайы бөлімшелерінде емделуде.
Індетті жұқтырған, ауруханаға жатқызылған, амбулаториялық науқастардың санының, сондай-ақ қызыл және қызғылт сары қалалардың көбеюіне байланысты бұл қалаларда ашық және жабық барлық кеңістікте бетперделерді қолдануға баса назар аударылды.