Коронавирус: Ирандағы жағдай
Шіл 24, 2022 19:56 Asia/Almaty
Иранның Денсаулық сақтау министрлігі: «Өткен тәулікте Иранда Covid-19-дан 34 адам қайтыс болды. Індеттен көз жұмғандардың жалпы саны 141684 адамға жетті",-деп хабарлады.
Иранның Денсаулық сақтау министрлігі: «Нақты диагностикалық көрсеткіштерге сәйкес өткен тәулікте (жексенбі) 8831 адамнан Covid-19 анықталды. Олардың 1210-ы ауруханаға жатқызылды. Елде індетке шалдыққандардың жалпы саны 7328153 адамға жетті. Осы уақытқа дейін Иранда 7073142 науқас емделіп, ауруханалардан шығарылды»,-деп мәлімдеді.