Коронавирус: Ирандағы жағдай
Шіл 26, 2022 18:42 Asia/Almaty
Иранның Денсаулық сақтау министрлігі: «Өткен тәулікте Иранда Covid-19-дан 41 адам қайтыс болды. Індеттен көз жұмғандардың жалпы саны 141758 адамға жетті",-деп хабарлады.
Иранның Денсаулық сақтау министрлігі: «Нақты диагностикалық көрсеткіштерге сәйкес өткен тәулікте (сейсенбі) 11035 адамнан Covid-19 анықталды. Олардың 1533-і ауруханаға жатқызылды»,-деп мәлімдеді.
Елде індетке шалдыққандардың жалпы саны 7348963 адамға жетті. Осы уақытқа дейін Иранда 7074995 науқас емделіп, ауруханалардан шығарылды.