Ирандық балуан қазақша күрестен қола жүлде алды
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i62872
Иранның үш балуаннан тұратын командасы Қазақстанда қазақша күрестен өтіп жатқан халықаралық турнирде қола жүлде алды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Шіл 31, 2022 18:03 Asia/Almaty
  • Ирандық балуан қазақша күрестен қола жүлде алды

Иранның үш балуаннан тұратын командасы Қазақстанда қазақша күрестен өтіп жатқан халықаралық турнирде қола жүлде алды.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иранның дәстүрлі және жағалау спорт түрлері комитетінің жауапты өкілі әрі ирандық балуандар командасының жетекшісі Әли Базйар: "Қазақстанда Қазақша күрес-2022 халықаралық турнирі өтіп жатыр. Онда 14 шетелдік және 2 қазақстандық команда бақ сынасуда. Турнирді тамашалауға көрермендер көп келді",-деді.

Базйар: "Осы жарыста 90 кг-дан жоғары салмақтағы Хамидреза Саджадифард қол жүлде алды",-деді.