Шіл 31, 2022 19:15 Asia/Almaty
  • Коронавирус: Ирандағы жағдай

Иранның Денсаулық сақтау министрлігі: «Өткен тәулікте Иранда Covid-19-дан 61 адам қайтыс болды. Індеттен көз жұмғандардың жалпы саны 141998 адамға жетті",-деп хабарлады.

Иранның Денсаулық сақтау министрлігі: «Нақты диагностикалық көрсеткіштерге сәйкес өткен тәулікте (жексенбі) 9727 адамнан Covid-19 анықталды. Олардың 2298-і ауруханаға жатқызылды»,-деп мәлімдеді. 

Елде індетке шалдыққандардың жалпы саны 7391026 адамға жетті.

Қуанышқа орай, осы уақытқа дейін 7080581 науқас індеттен жазылып, ауруханалардан шығарылды.

Тегтер