Amnesty International: Израиль Эвинге шабуылымен соғыс қылмыс жасады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i81148
ParsToday - Халықаралық амнистия ұйымы Израиль режимінің жуырда Иранға қарсы соғысы кезінде Израиль армиясының Теһранның Эвин түрмесіне жасаған шабуылын халықаралық құқықты бұзу деп санады.
(last modified 2025-07-27T15:46:00+00:00 )
Шіл 22, 2025 20:06 Asia/Almaty
  • Amnesty International: Израиль Эвинге шабуылымен соғыс қылмыс жасады

ParsToday - Халықаралық амнистия ұйымы Израиль режимінің жуырда Иранға қарсы соғысы кезінде Израиль армиясының Теһранның Эвин түрмесіне жасаған шабуылын халықаралық құқықты бұзу деп санады.

Халықаралық амнистия ұйымы мәлімдемесінде Израиль режимінің 12 күндік соғыс кезінде маусым айының соңында Теһрандағы Эвин түрмесіне жасаған әуе шабуылын зерттеуге шақырып, оны соғыс қылмысы деп атады. ParsTodayдің сейсенбі күні IRNA-ға сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Amnesty International ұйымының мәлімдемесінде: «Израиль армиясының қасақана әуе шабуылы халықаралық гуманитарлық құқықты өрескел бұзу болып табылады және оны соғыс қылмысы ретінде тексеру керек. Израиль армиясы Эвин түрмесіне әуе шабуылдарын жасады, нәтижесінде ондаған бейбіт адам қаза тапты және  зардап шекті, сонымен Эвин түрмесіндегі ауқымды қирауларға себеп болды.

Amnesty International мәлімдемесінде оның қорытындылары бейнежазбалар, спутниктік суреттер және куәгерлердің сөздеріне негізделгенін айтты.

Amnesty International ұйымының мәлімдемесінде Эвин түрмесінің әскери нысан болғаны туралы сенімді дәлелдер жоқ екені айтылған.

Израиль режимі 23 маусым күні Эвин түрмесіне шабуыл жасап, бомбалады. Әскери және қауіпсіздік нысандарын нысанаға алған Израиль снарядтары  ондаған бейбіт тұрғынды өлтірді.