Иран: Исламдық адам құқығы барлық адамдарға жақсырақ өмір сүруге мүмкіндік береді
Иранның Адам құқығын қорғау штабы өз мәлімдемесінде Исламдық адам құқығы мен қадір-қасиеті күніне орай: "Исламдық адам құқығы туралы дискурс барлық адамдарға жақсырақ өмір сүруге және бір-бірінің жанында тату әрі бейбіт тіршілік етуге мүмкіндік береді",-деп мәлімдеді.
ИИР-ның бастамасымен 5 тамыз Исламдық адам құқығы туралы декларацияның бекітілген күні ретінде "Исламдық адам құқығы мен қадір-қасиеті күні" деп аталған. Ислам елдері жыл сайын осы күнді ұлттық деңгейде атап өтетін болды.
Иранның Адам құқығын қорғау штабының мәлімдемесінде: "Адам құқығын сақтау, орындау және жоғарылату – қазіргі заманда адамзат баласы алдында тұрған негізгі түйткілдердің бірі. Өйткені дүние жүзінде болған өзгерістер мен оқиғалар адамның қадір-қасиеті бүгінде басқа кезден көбірек қауіп-қатерге ұшырап отырғанын көрсетті",-делінген.