Ислами: Дамыған IR6 аппараттары жоғары тиімділік және сапамен жұмыс істеп жатыр
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i63018-Ислами_Дамыған_ir6_аппараттары_жоғары_тиімділік_және_сапамен_жұмыс_істеп_жатыр
Иранның Атом қуаты ұйымының басшысы ислам республикасының ядролық жетістіктеріне тоқталып: "IR6 аппараттары жоғары тиімділік және сапамен жұмыс істеп жатыр",-деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Там 05, 2022 18:54 Asia/Almaty
  • Ислами: Дамыған IR6 аппараттары жоғары тиімділік және сапамен жұмыс істеп жатыр

Иранның Атом қуаты ұйымының басшысы ислам республикасының ядролық жетістіктеріне тоқталып: "IR6 аппараттары жоғары тиімділік және сапамен жұмыс істеп жатыр",-деді.

Иран Атом қуаты ұйымының басшысы Мұхаммед Ислами: "1000 IR6 центрифугасын іске қосу, Арак реакторын жобалау және 20 пайызға байытылған уран өндіру Ислам Кеңесінің Мәжілісі қойған мақсаттар болды. Бұлардың барлығы заңға сәйкес келеді",-деді.

Иран Ислам Кеңесінің Мәжілісі АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығып, Иран халқына қарсы санкция салғанына және Еуропа елдерінің ядролық бағдарламадағы міндеттемелерін орындай алмағанына реакциясында 2020 жылы желтоқсанда 9 баптан тұратын "Иран халқының мүдделерін қорғау және санкцияларды жоюға бағытталған стратегиялық іс-шаралар" туралы заң бекітті.

Ислами АҚШ-тың санкция салу вирусын жұқтырғанын айтып: "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қол қойған тарап өз міндеттемелерін орындамай, Иранға қосымша санкциялар салды",-деді.

Иран Атом қуаты ұйымының басшысы: "Иран санкцияларды жоюға әрекет етіп жатыр. АҚШ тігісі мәлім айыптаулармен еш нәтижеге жетпейтінін білсін",-деді.