Коронавирус: Ирандағы жағдай
Там 08, 2022 22:13 Asia/Almaty
Иранның Денсаулық сақтау министрлігі: «Өткен тәулікте Иранда Covid-19-дан 54 адам қайтыс болды. Індеттен көз жұмғандардың жалпы саны 142515 адамға жетті",-деп хабарлады.
Иранның Денсаулық сақтау министрлігі: «Нақты диагностикалық көрсеткіштерге сәйкес өткен тәулікте (дүйсенбі) 3379 адамнан Covid-19 анықталды. Олардың 853-і ауруханаға жатқызылды»,-деп мәлімдеді.
Елде індетке шалдыққандардың жалпы саны 7443801 адамға жетті.
Қуанышқа орай, осы уақытқа дейін 7112890 науқас індеттен жазылып, ауруханалардан шығарылды.
Иран Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, коронавирусқа шалдыққан 1493 адам ауруханалардың арнайы күтім бөлімдерінде емделіп жатыр.