Иранда тыныштық пен қауіпсіздік толық сақталған
(last modified Tue, 26 Apr 2016 09:33:44 GMT )
Сәу 26, 2016 15:33 Asia/Almaty
  • Иранда тыныштық пен қауіпсіздік толық сақталған

Барлау министрі Иранды әлемнің басқа елдерімен салыстырғанда тыныштық пен қауіпсіздігі сақталған ел деп атады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иранның Барлау министрі сейіт Махмуд Алави дүйсенбі күні Иранның оңтүстігіндегі Хормозган облысының басшылары ортасында сөйлеген сөзінде: «Соғыс пен бейберекеттікке душар болып отырған аймақтық елдердің тынышсыз жағдайы сынды емес, ИИР-да тыныштық пен қауіпсіздік толық сақталған.

Иранның барлау аппаратының қырағылығы мен хабардарлығы – елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ең маңызды әрі әсерлі факторлар»,-деп қуаттады.

Сейіт Махмуд Алави Иранның ғылыми саладағы дамуы мен өркендеуін қауіпсіздіктің сақталуының келесі факторы деп атап: «Отандық және шетелдік инвесторлар мен экономика саласы белсенділерінің Иранға инвестиция салуға қызығушылығы елде қауіпсіздіктің сақталуындағы маңызды береке болып табылады»,-деді.

Тегтер