Қалибаф: Палестинаның сионистік режимге қарсы тұруы – үміт сыйларлық әрекет
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Палестина исламдық джиһад қозғалысының сионистік режимге қарсы тұруын жойқын соққы әрі үміт сыйлар әрекет деп сипаттады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммед Бағер Қалибаф жексенбі күні Мәжілістің ашық жиналысында палестиналық топтардың Израиль режиміне қарсы күресіне тоқталып: "Исламдық джиһад қозғалысы исламдық қарсыласудың кез келген бөлігі жеке-дара дұшпанның ерік-жігерін мұқалту қабілетіне ие екенін дәлелдеді. Бүгінде барлық қарсыласу ағымдарының өзара сенімі мен тілеулестігі арқасында дұшпанның жеңілер күні бұрыннан да жақындай түсті",-деді.
Қалибаф, сондай-ақ аймақ елдерінде ДАИШ сияқты лаңкестік топтардың қылмыстарын тыйған ұлттық батырлар мен Қасиетті кесенелерді қорғаушыларға шабуыл жасауды айыптап: "Қасиетті кесенелерді қорғаушыларға шабуыл жасау басқыншылар мен олардың демеушілері үшін ойсырай жеңіліп, абыройдан айырылғаннан басқа ештеңе бермейді",-деді.